Нюрнберг процесіне қатысушы қазақстандық оқушылармен кездесті

Нюрнберг процесіне қатысушы қазақстандық оқушылармен кездесті

Халықаралық мектеп конференциясына қатысушылар Нюрнберг процесі туралы ол оқиғаны өз көзімен көрген куәгердің әңгімесінен білді. 93 жастағы қарағандылық Серафима Пономарёва, тарихтағы алғашқы халықаралық әскери трибуналдың куәгері, онлайн-кездесуде жас буынмен сөйлесті.

«Нюрнберг сабақтары: есте мәңг қалу үшін» конференциясын Қазақстандағы Ресей әріптестігінің өкілдігі Абай Құнанбаев атындағы № 6 Степногорск мектеп-гимназиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара Нюрнберг процесінің басталуының 75 жылдығына арналған. Онлайн-кездесуге Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина оқушылары, мұғалімдері мен ғалымдары қатысты.

Қарағандылық Серафима Пономарёва арнайы қонақ болды. Нюрнберг процесінде ол аудармашы болған.

- Нюрнберг процесінің басталуы – тарихи күн, бұл өте маңызды процесс болды. Оның алдында өте үлкен жұмыс атқарылған еді. Маған сарбаздарымыз, әйелдеріміз бен балаларымыз қайтыс болған алты өлім лагеріне баруыма тура келді. Процесс барысында біз синхронды аударманы қамтамасыз еттік, 10-12 сағаттан жұмыс істедік. Біз дене түршігерлік қорқынышты айғақтарды естідік, ал жиналыстардан шыққанда ол мәліметтер туралы тіс жармау бойынша қолхаттар жаздық, - дейді оқиға куәгері.

Кездесуде өткеннің сабақтары қайталанбауы үшін ондай деректер ұмытылмауы керектігі айтылды.

- Кез-келген жағдайда адам болып, бейбітшілікті сақтайық, - деді Серафима Пономарёва жас тыңдаушыларға.

Киевтен келген тарихшы Евгения Кудрявцева өзінің туысы - кеңес офицері және Нюрнберг процесінің қатысушысы Арсений Кудрявцевтің жеке мұрағатынан алынған ерекше фотосуреттер мен құжаттарды ұсынды.

Серафима Пономарёва 18 жасында Ұлы Отан соғысының майданына аттанған. Мәскеу халықаралық қатынастар институтының студенттері армияға аудармашы ретінде шақырылды. Серафима үш тілде сөйледі: неміс, ағылшын және француз. Ол маршал Георгий Жуковтың штаб-пәтерінде қызмет етті.

Соғыстан кейін институттағы оқуын аяқтап, шет тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. Қарағандыға күйеуімен бірге 1957 жылы келген. 15 жыл бойы балаларға мектепте неміс тілін үйретті. Содан кейін Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтына жұмысқа орналасты, онда зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін 20 жылдан астам жұмыс істеді.

Нұр-Сұлтандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығының ақпараты бойынша