Балқашта «Күй - құдірет» онлайн күй байқауының қорытындысы шығарылды

Балқашта «Күй - құдірет» онлайн күй байқауының қорытындысы шығарылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Халық әртісі Мағауия Хамзиннің «Күй - құдірет» атты күйлердің аймақтық онлайн-байқауы өтті. Қатысуға өтінімдер Қазақстанның көптеген қалалары мен аудандарынан келіп түсті. Қазылар алқасы жеңіске Балқаш, Қарағанды, Саран қалаларынан, Бұқар Жырау және Шет аудандарынан, Егіндібұлақ ауылынан 13 үміткерді іріктеп алды.

Қазылар алқасының құрамына Мағауия Хамзиннің оқушылары - Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің оқытушысы Манап Анықбеков пен Ерлан Түгелбаев, сондай-ақ Ә. Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейдің көркемдік жетекшісі Думан Тілеубеков кірді.

Байқауға қатысушылар Мағауия Хамзиннің күйі мен еркін тақырыпта бір шығарма орындауы керек еді. Қазылар алқасы ұзақ кеңестерден кейін Бұқар Жырау ауданының тұрғыны Диас Ғабдуллаға бас жүлдені берді. Бірінші орын қарағандылық Әли Жапенге бұйырды. Күміс жүлдені жерлесіміз Нұрдәулет Сағатбек иеленді. Үшінші орынды қарағандылық Әсет Кенжебеков пен Шет ауданының тұрғыны Дәулетбек Жүсіп өзара бөлісті. М. Хамзин атындағы арнайы сыйлықты қарағандылық Сейілхан Сайлауов алды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

- Байқау онлайн өткізілгеніне қарамастан, қатысушылар өте жақсы дайындалды. Олар тіпті бейнелер жазатын орынды шығармашылық өнерлерін салып безендірген. Өтінімдер бүкіл Қазақстаннан келіп түскені қуантады. Қостанай, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан бейне жолдағандар бар. Біздің өлкеміз талантты жастарға толы, - деп атап өтті Балқаштың Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлпан Сапарғали.