Шет ауданында "Ер есімі - ел есінде" мемориалы орнатылды

Шет ауданында "Ер есімі - ел есінде" мемориалы орнатылды

Кеншоқы ауылында Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының батырларына, сондай-ақ Чернобыль апатының құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш ашылды. Батырларды еске алуға аудан әкімі Мұхит Мұхтаров, аудандық мәслихат хатшысы Бәкен Төлеуқұлов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Рашид Осатаев, сондай-ақ тыл ардагерлері, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары келді. Мемориалдың ашылуы бір минут үнсіздіктен басталды.

- Біздің парызымыз - сол қиын жылдары жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен батырларға құрмет көрсету. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жер" бағыты бойынша осындай іс-шаралар бірқатар ауылдарда өтті, - деді аудан әкімі ашылуда.

"Ер есімі - ел есінде" мемориалы - бұл ата-бабалар туралы естелік, сондай-ақ өскелең ұрпақ үшін үлгі. Отанымызды фашизмнен қорғағандардың 106 есімі, Ауған соғысының батырлары мен Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюшылардың есімдері тасқа қашалып жазылған. Олардың барлығы Кеншоқы ауылы мен Шет ауданының тұрғындары болды.

Мемориалды құру және орнату үшін екі жарым ай қажет болды. Ескерткіштің орнатылуына ауыл тұрғыны, "Тау" ш/қ басшысы Қанат Түсіпбеков демеуші болды.

- Көптеген тұрғындардың өтініші бойынша соғыс кезінде қаза тапқан біздің ауылдың соғыс және тыл ардагерлеріне мемориалдық тақта қоюды шештім. Келесі жылы оның айналасына тал отырғызып, саябақ салуды жоспарлап отырмын, - дейді Қанат Түсіпбеков.

Іс-шара соңында қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойып, жергілікті мешіт имамы Саламат Қазтай қайтыс болғандардың рухына дұға бағыштады.