Қарағанды ЖРО қалалық жастар мәслихатының құрамына жаңа мүшелер қабылдауға байқау жариялайды

Қарағанды ЖРО қалалық жастар мәслихатының құрамына жаңа мүшелер қабылдауға байқау жариялайды

Қарағанды Жастар мәслихаты құрамын жаңартады және өз қатарына жаңа мүшелер қабылдауға конкурс жариялайды.

Жастар мәслихаты - бұл:

- жастардың өзін-өзі дамытуына және өркендеуіне арналған алаң;

- сапалы өсу және жастар нетворкингі;

- мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

- барлық деңгейдегі алаңдарда жастардың мүдделерін қорғау.

Байқауға қатысуға 16-дан 28 жасқа дейінгі жастар үміткер бола алады. Сондай-ақ, Instagram - да @mrckrg және @jastar.maslihat.krg парақшаларына жазылу қажет. "Неге мен Қарағанды қаласының Жастар мәслихатының депутаты болғым келеді?" деген сұрақтың мәнін ашатын өзіңіз, мақсаттарыңыз және жетістіктеріңіз туралы ұзақтықтығы екі минуттан аспайтын бейнеролик түсіру керек. Сонан соң @mrckrg және @jastar.maslihat.krg міндетті түрде белгілеп, бейнені өз парақшаңызға орналастырыңыз.

Өтінімдерді қабылдау 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Байқау туралы толық ақпаратты @mrckrg және @jastar.maslihat.krg парақшаларынан білуге болады.