Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Фотозарисовки» көрмесі ашылады

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Фотозарисовки» көрмесі ашылады

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы қала тұрғындары мен қонақтарын фотокөрмеге шақырады.

Экспозицияға мұражай қорынан алынған 35 сурет кіреді. Ұсынылған жұмыстар Теміртау «Сплав» фотоклубының қатысушыларына тиесілі. Кезінде олар фотографтардың есеп беру және жеке көрмелерінде көрсетілген. Бұл негізінен Теміртау мен оның айналасында түсірілген пейзаждық суреттер.

Көрме қатысушылары – қаланың танымал фотографтары: Сергей Кочмарев, Сергей Козодеров, Александр Ворожев, Татьяна Бардина, Виктор Верикас.

Фотокөрменің ашылуы мұражайдың Instagram әлеуметтік парақшасында 24 қараша сағат 16.00-де тікелей эфирде өтеді.

Көрме 2 желтоқсанға дейін жалғасады.