
Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында жазғы сахна орнатылды. Енді мұнда концерттер, мерекелік іс-шаралар, шығармашылық кештер және өзге де мәдени бағдарламалар өтеді. Жаңа алаң жергілікті Мәдениет үйінің аумағында орналасқан.

Жоба бизнестің әлеуметтік бастамалары аясында Polymet Solutions Corporation компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Соның нәтижесінде Доскейде өнерпаздар өнер көрсететін, фестивальдер ұйымдастырылатын және түрлі буын өкілдері бас қосатын заманауи мәдени кеңістік пайда болды.

Жазғы сахнаның ашылуы үлкен концертпен атап өтілді. Әсем әндер мен билер және көтеріңкі көңіл күй ауыл тұрғындары мен қонақтарына мерекелік әсер сыйлады.
Доскей ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша