
ҚР ІІМ-де 26 қарашада азаматтарды бірыңғай қабылдау күні ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн режимінде өтеді.
- Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша 26 қарашада ІІМ-де, Өңірлік органдарда, ішкі істер бөлімшелерінде және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты - халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған сенім деңгейін арттыру, - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, министр мен оның орынбасарлары үшін аумақтық департаменттер басшылығының қосылуымен жеке байланыс арналары құрылатын болады.
Тіркелген азаматтар мен басқа қатысушыларға конференция идентификаторлары, қосылу әдістері мен кілтсөздер алдын-ала жіберіледі.
ІІМ басшылығы сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, аумақтық ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің бастықтары сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
Қабылдауға жазылу 23-25 қараша аралығында ІІМ порталында, Polisia.kz сайтында орналастырылған телефондар, электрондық мекенжайлар және WhatsApp-нөмірлері, Министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшалары бойынша жүргізіледі.