«Виталинаның бояулар әлемі»: қарағандылықтарды 8 жастағы суретшінің көрмесіне шақырады

«Виталинаның бояулар әлемі»: қарағандылықтарды 8 жастағы суретшінің көрмесіне шақырады

25 шілдеде Қарағандыдағы «Алтын ғасыр» галереясында (Комиссаров көшесі, 35а) ArtVibe Fest жобасы аясында ұйымдастырылған «Виталинаның бояулар әлемі» фестивалі өтеді. Келушілер үшін мазмұнды отбасылық бағдарлама дайындалған. Қонақтар жас суретші Виталина Дюбецтің шығармашылығымен танысып қана қоймай, интерактивті ойындар мен шоперлерді безендіру, магниттер мен салпыншақтар жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады. Сондай-ақ фотоаймақ пен фотобудкаға барып, аквагрим жасатуға мүмкіндік бар.

Фестиваль сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.

Мерекелік көңіл күйді балалар вокал студиялары тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуі еселей түседі. Күні бойы жүлделер ұтысы ұйымдастырылады. Лотерея билетін келушілер фестивальдің белсенді іс-шараларына қатысу арқылы ала алады. Ал шара соңында ұйымдастырушылар «Көрермен көзайымы» байқауының қорытындысын жариялайды.

Виталина Дюбецтің жеке көрмесі галереяда 29 шілдеге дейін жалғасады.

Жас суретші небәрі 8 жаста. Ол сурет салумен төрт жасынан айналыса бастаған. Бес жасында-ақ Ұлыбританиядағы кескіндеме байқауында жеңімпаз атанып, Лондонда көрмесі өтті. Қазір Виталинаның қоржынында көптеген марапат бар. Өткен жылы ол Абай шығармаларының желісі бойынша өткен сурет байқауында жеңіске жетті.

Виталина – жан-жақты шығармашыл тұлға. Ол сурет салумен қатар вокалмен және көркем сөз өнерімен айналысады, балаларға арналған радиобағдарлама жүргізеді, сурет салу бойынша бейнесабақтар түсіреді, сондай-ақ Жан Байжанбаевпен бірге фильмде басты рөлді сомдаған. Биылғы жазда жас суретші өз көрмесіне экскурсиялар өткізіп, авторлық кәдесыйлар әзірлеп, «Тока-Вока» фотобудкасында келушілердің портреттерін салып жүр.