
Қарағандыда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша Jas Otan-мен бірлесе зияткерлік клубтарды дамыту жобасы аясында мектеп, колледж және ЖОО оқушылары арасында "Не? Қайда? Қашан?" ойыны өтті. Турнир қатысушыларын кең ой-өрісі мен эрудициясы ерекшелендіреді.
Ойындар Qoldaу еріктілер орталығында өтті. Ақылдылар додасына бес команда қатысты. Білгірлердің жалпы саны жиырма адам болды.
Мектептер мен колледждер арасындағы ойындарда кубокты қазіргі заманғы көпсалалы колледждің (ҚЗКК) оқушылары жеңіп алды. ЖОО студенттері арасында "Болашақ" академиясының командасы кубок иегері болды.