
Қарағандыда «Даму» қорының ұйымдастыруымен Дмитрий Казанцевтің қатысуымен қаржылық сауаттылық марафоны өтеді. Кездесу жеке қаржыны басқару, қаражат жинақтау және инвестициялау мәселелеріне арналады.
Бағдарлама аясында қаржылық терминдер қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіріліп, күрделі пайыздың жұмыс істеу қағидалары, қаржылық жоспарлау негіздері және жинақ қалыптастыру жолдары жан-жақты қарастырылады. Сондай-ақ қатысушылар депозиттер, облигациялар, акциялар, зейнетақы аннуитеті және индекстелетін өмірді сақтандырудың ерекшеліктерімен танысады.
Кездесуде инвестициялық тәуекелдерге, сенімді қаржы құралдары мен алаяқтық схемалардың айырмашылығына, сондай-ақ қарызды тиімді басқару және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыпты өз бетінше тереңірек меңгеруге арналған кітаптар, фильмдер және өзге де пайдалы материалдар топтамасы ұсынылады. Сонымен қатар өткен тақырыптар бойынша интерактивті байқау ұйымдастырылады.
Марафон 23 шілде күні сағат 10:00-де Piano мейрамханасында өтеді. Қатысушылар саны шектеулі.
Қатысу тегін. Тіркелу мына сілтеме арқылы жүзеге асырылады: https://forms.gle/F4SdsDfTKcDvSv3k7.