Балқашта мәдениет сарайының бос ғимараты қалпына келтіріледі

Балқашта мәдениет сарайының бос ғимараты қалпына келтіріледі

Балқаштағы «Қоңырат» шағын ауданында бірнеше жылдан бері мәдениет сарайы құр бос тұр. Қала тұрғындарының бірі 2015 жылы оны қызмет бейінін сақтау шартымен «Қазақмыс» корпорациясынан сатып алған болатын, бірақ ғимарат ешқашан пайдаланылмаған. Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуібеков нысанның иесімен кездесіп, оны коммуналдық меншікке беру нұсқасын талқылады.

Бірнеше жыл бойы ғимараттың қызметі тоқтап қалуы айтарлықтай зиян келтірді. Үлкен зал өрттен зардап шеккен, белгісіз адамдар декор элементтері мен пайдалануға жарамды құрылыс материалдарын бөлшектеп алып кеткен. Бұрынғы мәдениет сарайынан тек қабырғалар ғана аман қалды.

Өткен жылы Балқаш қаласының әкімдігі ғимарат иесіне оны қалпына келтіру және мақсатына сай пайдалану үшін коммуналдық меншікке беру нұсқасын қарастыруды ұсынған болатын. Алайда, осы уақыт аралығында түпкілікті шешім қабылданбады. Енді меншік иесі нысанды коммуналдық меншікке беруге келісім бергенде, қала әкімінің тапсырмасы бойынша қажетті есептеулер жүргізіліп, ғимаратты қалпына келтіру үшін негіздеме берілетін болады.

Мәдениет бөлімі шағын ауданның болашақ мәдени-демалыс орталығын дамыту жоспарымен айналысады. Жоспар бойынша бұл ғимаратқа кітапхана көшуі тиіс, мектеп оқушыларына арналған үйірмелер жұмыс істейді деп болжануда. Мәдениет сарайында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Кемінде 15 жұмыс орны құрылмақ.

Жұмыстар 2021 жылға жоспарланған.