
Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи драмасындағы трюктерді сахналағаны үшін каскадерлік "Оскарды" жеңіп алды. Ол әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) "Таурус" сыйлығын алды.
Мәдениет және спорт министрі NOMAD Stuns каскадерлер тобы мен Жайдарбек Күнғожиновты марапатпен құттықтады:
- Nomad Stunts каскадерлерінің кәсіби командасы бүкіл әлем бойынша прокатта табысқа қол жеткізді және көрермендер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болған көптеген фильмдермен жұмыс жасады. Кино саласындағы қарқынды дамып келе жатқан заманауи технологияларға қарамастан, сіз барлық эпизодтардың нақты шығарылымына қатысасыз және өмірге қауіп төндіретін керемет шеберлікті көрсетесіз.
"Томирис" тарихи драмасы - "Таурус"сыйлығына ұсынылған толықтай қазақстандық өндірістің алғашқы картинасы.
"Таурус" - әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) жыл сайынғы сыйлығы, ол кинодағы үздік трюктерді қою мен орындағаны үшін беріледі. Беделді марапат бүкіл әлемнің үздік каскадерлеріне, қоюшыларына және экшн-мамандарына арналған.
Айта кету керек, Nomad Stunts каскадерлері Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен жұмыс істейді. Олардың фильмографиясында "47 ронинов", "Неудержимые-2", "Дорога домой" және т. б. жобаларда, сондай-ақ Netflix және HBO ағындық қызметтеріне арналған сериалдарда жұмыс істейді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша