Zhas Project әлеуметтік жобасы Топарда спорт секциясының ашылуына ықпал етті

Zhas Project әлеуметтік жобасы Топарда спорт секциясының ашылуына ықпал етті

Zhas Project Топарда спорттық секцияның пайда болуына септігін тигізді. Абай ауданында Sport Life спорт нысанын ашу идеясы шаңғы жарысы бойынша жаттықтырушы, полиатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Людмила Сергееваға тиесілі.

Қыз бала Zhas Project жобасы туралы Абай ауданының жастар орталығынан білген екен. Ол ойланбастан қатысуға бел буған. Нәтижесінде оның жобасы мақұлданып, спорт секциясын ашуға миллион теңге қайтарымсыз грант бөлінді.

- Мен Топар тұрғындары үшін спорт қолжетімді болуы үшін осы жобаны қарастыруға беру туралы шешім қабылдадым. Бірнеше жылдар бойы спорт залын ашу ниетім болған. Көптеген адамдар ақылы спортпен шұғылдана алмайды, бірақ оларда салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылыс бар. Жобаның арқасында біз оған қол жеткіземіз, - дейді Людмила.

Грант ақшасына эллиптикалық және жаттығу велосипеді, жүгіру жолы, йога кілемшелері, медбол доптары мен гірлер сатып алынды. Музыка мектебінің директоры Ольга Мурадова тегін бөлме ұсынды.

Секцияның барлық жаттықтырушылары – спортшылар. Людмила Сергееваға бірнеше адам көмектеседі: Президенттік көпсайыстан Қарағанды облысының бас жаттықтырушысы Марғұлан Ауғалиев, шаңғы жарысынан жаттықтырушы-оқытушы Мұратбек Түсіпов, Карағанды университетінің студенті Аида Алдакешева, биология пәнінің оқытушысы Маржан Әукенова (ол фитнес-нұсқаушы курсын бітірген).

Zhas Projtect - әлеуметтік жоба болғандықтан, жаттығулар ең алдымен мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасы мүшелеріне және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына арналған. 30-дан астам адам секцияғы тұрақты түрде келіп отырады. Sport Life-қа балалар да, ересектер де қуана келеді. Ең кішкентай спортшы - 7 жаста, ал ең егде келуш – 65 жаста. Жаттығулар кешенін Людмила Сергеева мен Марғұлан Ауғалиев құрайды. Сабақтар аптасына 2-3 рет өтеді.

Алты ай өткеннен кейін жоба өзін-өзі өтеуге көшуі тиіс. Бөлім табыс әкеледі ме, жоқ па, Людмила Сергеева әзірге білмейді.

- Шынымды айтсам, табыс туралы ойламаппын. Жақын болашақта бізде бір жоспар бар - спортпен шұғылдану үшін мүмкіндігінше көп адамды тарту. Сондықтан жаттығулар мүмкіндігінше тегін болады. Өйткені, салауатты өмір салты салауатты ұлттың кілті болып табылады, - деп есептейді Людмила.