
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының инклюзивті жобасы балаларға арналған. "Балалық шақ әлемі" айдарындағы алғашқы жанданған картиналар атақты суретші Леонид Гамбургердің суреттері болды. Суретші өз жұмысының көп бөлігін балаларға арнады.
1942 жылдан 1956 жылға дейін Леонид Эмильевич Қарағандыда тұрды. 1989 жылы оның әйелі Людмила Феррейн-Гамбургер мұражай қорына оның кейбір жұмыстарын тапсырды. Олардың қатарында суреттер, кітаптар мен ашықхаттардың макеттері, ашықхаттардың өздері де бар. Бұл суреттердің арқасында балалық шақтың керемет, ғажайып және кішкентай сиқырлы әлеміне шомуға болады.
Жанданған суреттер Виктор Кожевниковтың өлеңдер жинағы жазылған ашықхаттар жиынтығын безендіреді және балаларға кішкентай жануарлар туралы баяндайды. Жобаның барлық қатысушылары суреттерді жандандыруға, оларға дауыс беруге және ымдау тіліне аударуға тырысты. Айдар тіпті ең жас бейнелеу өнерін сүйер қауымына және сурдоаударманы түсінетіндердің барлығына қызықты болады.
Жоба авторы - мұражайдың ғылыми қызметкері Айгүл Омарова. Бейнелеу өнері мұражайы әр түрлі IT бағдарламаларында фотосуреттер мен картиналарды анимациялау және жандандыру дағдыларын игеріп, жобаға қатысуға шақырады.
"Сөйлейтін картиналарды" Қарағанды бейнелеу өнері мұражайының әлеуметтік желілерінен көруге болады.