
Қарағанды облысының өртке қарсы қызметі материалдық-техникалық базасын нығайтуды жалғастыруда. Өрт сөндірушілердің қарауына биіктігі 55 метр болатын екі жаңа автосаты берілді. Олар 18-қабат деңгейіне дейінгі биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, заманауи техникалар жоғары маневрлілігімен және сенімділігімен ерекшеленеді. Бұл әсіресе тығыз салынған қалалық аумақтарда аса маңызды. Арнайы техникалар паркін жаңарту төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыра түседі.

Жаңа автосатылар жоғарғы қабаттарға жедел жетуді қамтамасыз етеді, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауға және авариялық-құтқару жұмыстарын барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.