
Қараша айының басында Шахтинск қаласында пайда болған жаңа би мектебінде қала әкімі Сержан Аймақов болып қайтты. Студияның негізін қалаушы – танымал биші, хореограф және «Жастар көшбасшысы» номинациясы бойынша «Жастар-2018» сыйлығының иегері Бекзият Кәріғұл.
Жігіт 14 жастан бастап бимен кәсіби түрде айналыса бастаған. 2017 жылдан бастап Кеншілер мәдениет сарайында сабақ берді. Оның оқушылары бірнеше рет республикалық, облыстық байқаулар мен би баттлдарында жүлделі орындарға ие болды.
Биыл Бекзият өзінің арманын жүзеге асыра алды.
- Ұзақ уақыт бойы өз ісімде қандай да бір дамуды қаладым. Мектеп ашуым өте керемет болды. Енді менің оқушыларыма жаттығу жасау ыңғайлы болады, - деп бөлісті хореограф.
Мектептің сыйымдылығы – 30 адам. Сабақтар 5 жастан асқан балалар мен ересек би әуесқойлары үшін өткізіледі. Бүгінгі таңда Бекзиятпен бірге тағы бес оқытушы жұмыс істейді. Олардың барлығы Қазақстан мен ТМД елдерінің би чемпионаттарының қатысушылары мен жеңімпаздары.
Мектептің негізін қалаушы Бекзият Кәріғұл hip-hop бағытын жүргізеді. Ол move forward battle (Мәскеу қ.) би чемпионатында, Real dance energy аймақтық конкурсында, сондай-ақ түрлі халықаралық жарыстарда жүлделі орындардың иегері.
Балаларға арналған break dance стилін Богдан Бринзевич үйретеді. Жігіт бұл саладағы еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Ол төрт жыл Санкт-Петербургте тұрды, сол жерде жаттығулар өткізіп, өзінің дағдылары мен машықтарын жетілдірді.
Оқытушы Валерия Қадырбекованың Қарағандыда «Свобода» атты би мектебі бар. Алайда ол шахтинскіліктерге де уақыт табады. Бойжеткен – vogue биінің жаттықтырушысы.
Мектептің тағы бір қатысушысы – Анастасия Юдахина. Бала кезінен бимен айналысады, түрлі телевизиялық жобалардың қатысушысы. Оның негізгі бағыты - Dancehall Ямайка биі.
Екі жылдан астам уақыт бойы Элина Пол Zumba стиліндегі бимен кәсіби түрде айналысады. Ол өз шеберлігімен SK FLOW мектебінде бөліседі.
- Менің мектебімнің барлық жаттықтырушылары жастардың жан-жақты дамуын қалайды. Шахтинскіліктер өздерінің шығармашылық күштерін көрсетіп, көпшілікке көрсетеле алуы үшін еңбек етудеміз. Мен үйрететін hip-hop бағыты бейбітшілік, махаббат, бірлік әкеледі. Дәл осы қасиеттерді бқараға таратқымыз келеді. Мектеп ашылғанға дейін біз оқушылармен бірге бүкіл Қазақстан бойынша жарыстарға бардық. Карантин аяқталған соң біз тағы да би шайқастарына қатысамыз. Достарымызбен Шахтинск қаласында би бойынша чемпионаттар ұйымдастыруға тырысамыз, - деді Бекзият Кәріғұл.