Қарағанды облысында тұратын оқушы тұрмыстық техниканы жөндеп, бүкіл отбасын асырап отыр

Қарағанды облысында тұратын оқушы тұрмыстық техниканы жөндеп, бүкіл отбасын асырап отыр

Нұра ауданы Қарой ауылының тұрғыны он үш жасар Нұрасыл Несіпбаев - бүкіл ауданға танымал телешебер Дос Төлегеновтың ұлы. Ер адам мүгедектер арбасына таңылған. Оның церебральды сал ауруы бар, ол бала кезінен бірінші топтағы мүгедек.

Осындай күрделі дертіне қарамастан, Дос Несіпбайұлы ешқашан еңсесін түсірген емес.

Ер адам отбасын құрып, өзінің телешеберханасын ашқан. Үш баланы тәрбиелеп, ол тек өзіне, өз күшіне ғана сене алатынын түсінген. Дос Төлегенов тұрмыстық техника мен теледидарларды бүйірімен жатып жөндейді, себебі ұзақ отыра алмайды. Алайда, екі жыл бұрын бұл табыстан бас тартуға тура келген. Ер адам апатқа ұшырады.

- Бұрын мен бәрін өзім жасайтынмын. Апаттан кейін ұзақ уақыт ауруханада жаттым. Енді физикалық тұрғыда маған бұрынғыдай жөндеу жүргізу мүмкін болмай тұр. Саусақтарымды әрең бүгемін. Ұлым менің ісімді жалғастыруға шешім қабылдағанына қатты қуандым. Мен жұмыс істеген кезде ол алты жастан бастап қасымда болды. Мен қалай жөндейтінімді көріп өсті, әрдайым бірдеңені сұрағап, көмектесіп, өзі бірдеңе жасауға тырысқан. Шамасы, оның бұл өнерге бейімі бар, - деп Дос Төлегенов өзінің ұлы туралы мақтанышпен айтады.

Нұрасыл Несіпбаев әкесінің ісін сәтті жалғастырып келеді. Техниканы жөндеу үшін оған ауыл тұрғындары ғана емес, аудандағы басқа ауылдардан алып келеді. Нұра ауданында бұл жалғыз шеберхана.

- Бізге Жаңаарқа, Соналы, Сарыөзеннен сынған заттар әкелінеді. Ия, көп жерден келеді. Ұлым ешбір тапсырыстан бас тартпайды, көмектесуге тырысады. Ол біздің үмітіміз және тірегіміз, - дейді Дос Несіпбайұлы.

Бір кездері ер адам жұмыс үшін көптеген құралдарды сатып алған. Ұлының жұмысын жеңілдету үшін ол жаңа дәнекерлеу станциясы мен қуат көзін сатып алды.

- Мен жөндеуді өз бетіммен бастаған кезде, менің жалғыз тілегім әкеме көмектесу болды. Ол маған көп нәрсе үйретті. Мен үшін ең оңай нәрсе - теледидарды жөндеу, өйткені мен жөндеуді содан бастадым.

Ноутбуктерді жөндеуде қиындықтар бар. Егер бірдеңе жұмыс істемесе, мен YouTube бейнесін көремін, әкемнен сұраймын. Мен ұялы телефондардан басқасының барлығын "тірілте" аламын. Оны игеруге уақыт жетпейді, әлі де оқу керек, - дейді 13 жасар Нұрасыл Несіпбаев.

Жасөспірім мектепті жақсы көреді және оның бағалары да жақсы. Әсіресе Нұрасыл физиканы ұнатады. Бұл оның сүйікті пәні. Мұны техниканы кәсіби деңгейде жөндеумен айналысқысы келетіндігімен түсіндіреді. Жұмыс оқуға кедергі келтірмейді. Бала кешке және бос уақытында техника жөндейді.

- Болашақта телешебер болғым келеді. Менің арманым - әкем тезірек сауығып кетсе екен деймін. Жай-жайлап емдеуге ақша жинаймын. Әкем - менің өмірімдегі ең маңызды адам. Мен оны өте жақсы көремін, - дейді Нұрасыл.

Әкесі мен ұлының жоспарлары көп. Олар Нұр-Сұлтанда автошеберхана және электротехника жөндеу ательесін ашқысы келеді. Олардың отбасында мемлекеттен ештеңе сұраумау қағидаты сақталған. Қол жеткізген жетістіктерінің бәрі қажырлы еңбек пен таланттың арқасында.

Фото tengrinews.kz сайтынан алынған