Приозерск жастары қарттар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде

Приозерск жастары қарттар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде

Приозерск жастар ресурстық орталығы "Тегін нан" және "Ардағым-Ардагерім" қайырымдылық акцияларын өткізді. Жастар нан таратып, қарт адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге көмектесті.

- Игі істерден бас тартпау керек. Қайырымдылықпен айналысу үшін бай болу қажет емес. Жүрегі мейірімді болса жеткілікті, - деп санайды Приозерск қаласының ЖҚБ басшысы Ұлан Алмас. - Қайырымдылық іс-шаралар жастарға және жалпы қоғамға оң әсерін тигізеді.

Жастар ресурстық орталығында атап өткендей, мұндай акциялар болашақта да өткізілетін болады. Егер демеушілер болса, онда жалғыз басты қариялар мен аз қамтылған отбасылар ғана емес, сонымен қатар көп балалы отбасылар да қажетті азық-түлік алады.

Айта кету керек, Приозерск жастары қайырымдылық шаралары кезінде ғана емес, жалғыз басты зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға үнемі көмектесуге тырысады. Сондай-ақ, жастар ардагерлер үйінде тұратын қарттарға көп көңіл бөледі. Оларға жиі қонаққа барып, сыйлықтар тарту етеді.