
28 қарашада Суретшілер Одағы жанындағы "Алтын ғасыр" галереясында Қарағанды суретшісі Вера Капинустың "Лики крылатых, или НЕ одиночество" атты жеке көрмесі ашылады. Шебердің алғашқы "Адам-құстар" көрмесі 2018 жылы Қарағандыда өтті. Вера Капинус сурет салуды үйренуді тоғыз жыл бұрын Наталья Викторованың өнер шеберханасында бастаған. 2012 жылдан бастап Artway көркемсурет мектебінде балаларға сабақ берді. Бір жылдан кейін ол "Диво" балалар көркемсурет студиясын басқарды. Бойжеткен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ "бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдан бастап "У художников" шеберханасында суретші ретінде өз бетінше жұмыс істейді, жеке оқытушылық қызметпен айналысады. Вера Капинус Қарағанды облысы Суретшілер одағының есептік көрмелеріне қатысады, оның жұмыстары 2014 жылы "Шабыт" халықаралық фестиваліне қойылды. "Лики крылатых или НЕ одиночество" көрмесінде әр түрлі техникада 30-ға жуық жұмыс ұсынылады: кескіндеме, графика, коллаж. Суреттердің басты кейіпкерлері - періштелер мен адамдар. Тақырып - тылсым күштермен өзара байланысты адам мен адамның теңсіздігі. Әрбір туынды Жер бетінде, Ғаламда біз жалғыз емес екендігімізді еске салады. Тіпті біз сол тылсым қолдауды кейде сезінбесек те, қиын жағдайларда сенімімізді жоғалтып, қолымызды түсіріп жатсақ та, жоғарыдан бізге қамқорлық көрсетіледі.
Вера Капинустың жұмыстары @verakapinus Instagram парақшасында келтірілген.
Көрме 28 қарашада сағат 16.00-де ашылып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады.
"Алтын ғасыр" галереясының жұмыс уақыты: 10.00-18.00.