Қарағанды университеттерінің сегіз студенті ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиаттары атанды

Қарағанды университеттерінің сегіз студенті ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиаттары атанды

ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры студенттік стипендияларға арналған республикалық конкурстың қорытындысын шығарды. Биылғы жылы 354 өтінім берілді. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 жеңімпаз анықталды, оның ішінде сегіз қарағандылық бар.

Стипендияға үміткерлер оқудағы және қоғамдық қызметтегі өздерінің табыстарын көрсетуі тиіс. Қатысушылар өз жетістіктерін сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен және басқа да құжаттармен растайды.

Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі берілді. Ай сайынғы стипендияның мөлшері 40 мың теңгені құрайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының иегерлері:

- Қарағанды техникалық университетінің студенттері – Дарина Айтуова (инженерлік экономика және менеджмент факультеті), Александра Кривогузова (инновациялық технологиялар факультеті);

- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері -Томирис Сағадиева (педагогика факультеті), Камила Тұрдыбекова (шет тілдер факультеті), Шағала Балпанова (философия және психология факультеті);

- Савелий Елефтериади - Қарағанды индустриялық университеті (Металлургия және машина жасау факультеті);

- Анастасия Зубова - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультеті);

- Аманжол Әбдірахманов - Қарағанды медицина университеті (резидентура және кәсіби даму мектебі).

Қордың стипендиясы бір оқу жылына белгіленеді. Оның иелері жақсы оқығаны үшін басқа да марапаттарға ие бола алады.

Тұңғыш Президент Қорының студенттік стипендиясына арналған байқау оныншы рет өтті. Осы уақыт аралығында 719 адам стипендиат атанды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ақпараты бойынша