Қарағандылықтар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар ала алады

Қарағандылықтар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар ала алады

Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған немесе ХЖҚО арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен адамдарды жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысуға шақырады.

Гранттар алуға аз қамтылған және (немесе) көп балалы отбасылардың мүшелері - атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастар үміткер бола алады (бұл ретте оқудан өту талап етілмейді).

Толық ақпаратты 996-394, 996-393 нөмірлері бойынша немесе Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайы бойынша алуға болады.