"Халқыммен біргемін": Жаңаарқа ауданында бетперде таратып, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады

"Халқыммен біргемін": Жаңаарқа ауданында бетперде таратып, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады

Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожиннің тапсырмасымен жергілікті жастар ресурстық орталығы "Халқыммен біргемін" акциясын ұйымдастырды. Оның мақсаты - халықты қажетті сақтық шараларын сақтауға шақыру.

Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері тұрғындарға бетперде таратып, санитарлық ережелер мен карантиндік талаптарды сақтауды сұрайды. Барлығы 20 мыңға жуық жеке қорғаныс құралдарын тарату жоспарлануда.

Жаңаарқа кентінің басшысы Мейрам Қуанышбеков "Халқыммен біргемін" қозғалысын ашып, эстафетаны Қызылжар ауылының әкімі Саят Салкебаевқа тапсырды. Одан әрі Түгіскен ауылдық округінің басшысы Өмірғали Кенжетаев қосылды.

Осылайша, акция Жаңаарқа ауданының барлық ауылдық округтерін аралап өтеді.