
Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің XXXVIII музыкалық маусымының салтанатты ашылуы 21 қарашада өтеді. «Шалқыма» концерт залы классикалық музыка әуесқойларымен кездесуге дайын.
Оркестрдің бағдарламасында австриялық композитор және музыкант-виртуоз Вольфганг-Амадей Моцарттың, неміс пианисті әрі дирижері Феликс Мендельсонның және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Алмас Серкебаевтың шығармалары бар.
Валторнада халықаралық байқаулардың лауреаты Әкім Жолбасханов өнер көрсетеді.
Бас дирижер және көркемдік жетекшісі - Петр Грибанов.
Концерттің басталуы сағат 17.00.
Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.
Залдағы көрермендер саны шектеулі.