Қаражал қаласының балалар кітапханасында коворкинг-орталық ашылды

Қаражал қаласының балалар кітапханасында коворкинг-орталық ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Nur Otan партиясының бастамасымен Қаражал қаласының балалар кітапханасында коворкинг-орталық ашылды. Осылайша, кітапхана заманауи білім беру орталығы қызметін атқарады.

Орталықтың ашылу салтанатында кітапхана директорының м. а. Жанар Оқасова білім және мәдениет орталығына келгендердің барлығына жайлы жағдайда демалып, рухани дамуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Коворкинг-орталықтың жұмысы оқырмандар санын арттыруға көмектеседі.

Балалар кітапханасы заманауи құралдармен жабдықталған. Жас оқырмандар бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

- Кітапханада коворкинг-орталықтың ашылуы – қаламыздың барлық тұрғындары үшін жақсы жаңалық. Орталық жаңа идеялар мен жобалардың орнына айналады, ал жастардың күш-жігері елді одан әрі дамытуға бағытталатын болады. Уақыт талабына сәйкес кітапханалар қазір халықтың зияткерлік демалыс орталықтарына айналуда, - дейді Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнұр Сатанова.