
Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша ауданға келген жас медицина мамандары тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Олар аурухананың жанында орналасқан жайлы үйде пәтер алды.
Үш пәтерлі үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шатыр, терезелер, едендер және есіктер ауыстырылды. Тұрғын үй жайлы, орталықтандырылған жылу және сумен жабдықталған.
Пәтерлер жайлы тұруға арналған барлық қажеттіліктермен жабдықталған.
- Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жас мамандарға арналған үш пәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Ол аурухана аумағында орналасқан, сондықтан жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Қайта жөндеу жүргізудің арқасында әр пәтерлердің аумағы ұлғайтылды, - деп атап өтті Ақтоғай ауданы орталық аудандық ауруханасының директоры Сәттар Әбдіғұлов.