Қарағандылық оқушылар тарихи тақырыпқа пластилин анимациясын жасады

Қарағандылық оқушылар тарихи тақырыпқа пластилин анимациясын жасады

Қарағандыда облыстық «Полония» поляк қоғамының жас мүшелері Молотов-Риббентроп пактісіне қол қою туралы анимациялық фильм түсірді. Барлық кейіпкерлер пластилиннен жасалған. Оқушылар өз жұмыстарын Польшада өткен Patria Nostra V Халықаралық тарихи байқауына ұсынды. Қарағандылықтардың командасы бірінші орынға ие болды.

- Байқаудың мақсаты поляк тарихы туралы білімді насихаттау, патриотизмді насихаттау, азаматтық қоғамды қалыптастыру болып табылады. Ұйымдастырушы – Patria Nostra Тарихи байқауының қоры. Байқауға бүкіл әлем бойынша поляк жастары қатысады. Тарихи оқиға туралы қысқа метражды немесе анимациялық фильм ұсыну қажет, - деді Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский.

Биыл халықаралық байқауда 68 команда бақ сынады. Қазақстанды Қарағанды мен Алматы қалалары таныстырды. Қарағандылық командаға үш адам кірді: Анталий Моцный, Иван Янчевский, Александра Моцная.

- Біз Молотов-Риббентроп пактісіне қол қою туралы анимациялық фильм түсіруді ұйғардық. Жұмыс қиын болды, көп уақытты қажет етті. Барлығымыз бірге пластилиннен кейіпкерлер жасап, сценарийді өңдедік. Әрине, жеңіске өте қуаныштымыз, - деп бөлісті Анталий Моцный.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды және командаларға танымдық кітаптар мен ойындар сыйлады. Байқау жұмыстары Польшаның ірі қалаларындағы көше экрандарында көрсетіледі.