25 қазақстандық IT - және Digital-аутсорс-компаниялары "Террикон алқабы" акселераторына өтті

25 қазақстандық IT - және Digital-аутсорс-компаниялары "Террикон алқабы" акселераторына өтті

"Террикон алқабы" Қарағанды IT-хабының акселераторына білім алу үшін 25 IT- және digital-аутсорс-компаниялар өтті. Бұл 14 аутсорс-бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері мен диджитал-агенттіктер және 11 стартап-командалар.

Акселератор халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырған IT-компаниялар мен фрилансерлер үшін 6 апталық тегін оқу курсын қамтиды.

- "Террикон алқабы" біз осы бағдарламаны бастаған алғашқы өңірлік институттардың қатарында болды, - деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Әнуар Ахметжанов. - Саланың алдына жалпы ІТ-өнім көлемін дамыту, кәсіпорындарымыздың экспортқа шығуы бойынша зор міндет қойылды. Министрлік үшін негізгі міндет мамандар мен компаниялардың тиісті деңгейін даярлау болып табылады. Біз алдымызға IT-өнімдер қызметтерінің көлемін ұлғайту және 5 жылдан кейін олардың экспортын 500 миллион долларға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз.

Оқыту бағдарламасы дәрістерден, воркшоптардан, менторлармен және сарапшылармен келесі тақырыптар бойынша жұмыстардан тұрады:

- мақсатты нарық пен бәсекелестерді зерттеу;

- мақсатты клиенттің портреті мен құндылық ұсынысының сипаттамасы;

- Өнімді тапсырыс берушіге бейімделе отырып орау;

- сауда-саттық біліктілігі және pipeline-сатуды орнату;

- масштабтау. 

- Мықты мамандар мен экспортқа шығу тәжірибесі мол қазақстандықтарды тартуға тырысамыз. Сондай-ақ, кәсіби нарық ойыншылары ретінде біз оларды делдалдық қызмет көрсететін "Скауттар" деп атаймыз. Америкалық және ресейлік нарықтарға, сондай-ақ Африкаға, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаға қарайтын боламыз, - деді WOOPPAY төлем ұйымының даму жөніндегі директоры және "Террикон алқабының" негізін қалаушы Александр Дорошенко.

Оқу процесі туралы толығырақ ақпаратты "Террикон алқабы" instagram-да алуға болады, сондай-ақ тегін курсқа қатысушылардың пікірлерімен танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, фрилансерлерге арналған акселерация бағдарламасы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Орталық Азиядағы Astana Hub IT-стартаптар технопаркінің қолдауымен жүзеге асырылуда.