Қарағандылықтарды экофестивалға шақырады

Қарағандылықтарды экофестивалға шақырады

Бесінші маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күні атап өтіледі. Халықаралық мерекеге орай Қарағандының Орталық паркінде экология, шығармашылық және белсенді өмір салтын біріктіретін Taza Aimaq қалалық экофестивалі өтеді.

Бағдарламада экоактивтілік және интерактивті алаңдар, концерт, шеберлер жәрмеңкесі және балалар мен ересектерге арналған басқа да іс-шаралар бар.

Ұйымдастырушылар табиғатқа ұқыпты қарау туралы көбірек біліп қана қоймай, қалдықтарды өңдеуге де қатысуды ұсынады. Фестивальде өзіңізбен бірге әкелуге болатын пластикалық қақпақтар жинайтын алаңдар жұмыс істейтін болады. Велошредерлердің көмегімен келушілер велосипед басқыштарын айналдыра отырып, пластикті өз бетінше ұсақтай алады. Қайта өңделген материалдан сол жерде естелік кәдесыйлар — жүрек түріндегі кілттер немесе телефон тұғыры дайындалады.

Экофестиваль 5 маусымда Қарағандының Орталық паркінде өтеді. Басталуы 12:00, аяқталуы — 20:00.