
Қарағанды облысының Шешенқара ауылындағы орталық су құбырын ңске қосу үшін қазілған жаңа ұңғыма тұрғындарды алаңдатуда. Адамдар судың сапасына күмән келтіруде, себебі ұңғыма қазлған ауданда зират пен қоқыс полигоны орналасқан. Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, су ішуге жарамды және жерлеу орнынан 422 метр қашықтықта (норма бойынша 300 метр). Полигон одан да алыс орналасқан. Бірақ тұрғындар жергілікті әкімдікке және Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижановаға жүгінуді ұйғарды.
Ауыл тұрғындарының дәлелдерін мұқият қарау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігінде өңір әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаевтың және уәкілетті органдар басшыларының төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді.
- Мен осы ауылдағы су таратқышты іске қосу мәселесімен бұрыннан айналысып келем. Бұл ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі 1974 жылдан бері жұмыс істемейді. Аталмыш мәселені облыс әкімі алдында, бюджеттік комиссияда республикалық бюджетті қарау кезінде бірнеше рет көтерген едім. Өткен жылы «ЖҚЖК» бағдарламасы аясында қаражат іздестірілді. Жазда мен су таратқышты қайта құру процесін жеке бақыладым. Нысанға бірнеше рет бардым, - деп түсіндірді Гүлнар Қадыржанқызы.
- Ұңғыманы жобалау кезінде барлық нормативтік-құқықтық актілер сақталды. СЭС өз қорытындысын берді: су зертханалық зерттеулерден өтті және ішуге жарамды. Мердігер, тапсырыс беруші және техникалық қадағалау өз тарапынан осы жерде сумен жабдықтау көзін салу мүмкіндігін растады. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, - деді Нұрсұлтан Жиенбаев.
Сумен жабдықтау көзі жеткілікті қашықтықта болса, республикалық мамандар да қорытынды беруі тиіс. Нәтижелер желтоқсан айында белгілі болады.
- Мен уәкілетті органдардың алдына олар негізді түрде жауап беруге тиіс бес сұрақ қойдым. Мен барлық сараптамаларды өзім зерттеймін. Қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі шешілуде. Ол басқа жерге ауыстырылады. Ұңғыманың тереңдігіне келетін болсақ, ауыл тұрғындарына қажетті қоры бар жер асты суларының сулы қабаты дәл 9 метр тереңдікте өтетінін түсіндірдік. Химиялық талдау тұрғысынан бұл таза ауыз су. Иә, мұндай тереңдікте адамдардың аулаларында да ұғымалар бар. Бірақ сонымен бірге олар малдарының ол жерде жайылып жатқанын, дәретханалар тұрғанын, лас су төгіліп жатқанын ұмытып кетеді. Топыраққа дренаждалады, сондықтан ауыл тұрғындарының үйлерінде судың жоғары минералдануы болады. Әзірге уайымдаудың себебі жоқ, біз жағдайды міндетті түрде анықтаймыз. Қалай болғанда да, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес келген жағдайда ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр, - деп қорытындылады Гүлнар Бижанова.
Бұдан басқа, ұңғыманы қорғаудың қосымша шаралары қабылданады. Эпидемиологтар сапаны анықтау үшін тағы бір рет су алады. Жағдай облыс әкімдігінің бақылауына алынды.