
Теміртаудағы балалар мен жасөспірімдер театрында уақыт капсуласын салу салтанаты өтті. Бұл қала тұрғындарының болашақ ұрпаққа жолдауы. Капсула 25 жылдан кейін ашылады. Ұлы Абайдың 200 жылдығы мен Теміртаудың 100 жылдығын мерекелеу күніне орайластырылған шара.
Қалада осыған дейін де мұндай капсулалар салу шаралары өткен болатын, бірақ мәдениет қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылмаған еді.
- Біздің орнымызды басатын болашақ ұрпақ біз салып кеткен дәстүрлерді абыроймен және құрметпен жалғастырады деп үміттенеміз. Теміртаудағы мәдениет саласының мамандары қоғам үшін пайдалы болу мақсатында өте маңызды жұмыстар атқаруда, - деді Жас көрермендер театрының басшысы Владимир Дроздецкий.
Театр ұжымы атынан актриса Нина Сытина тілек білдірді:
"Театрымыздың осындай тамаша дәстүрлерді жалғастырып келе жатқанына өте қуаныштымын. Біздің ұрпақтарымызға зор бақыт, махаббат тілеймін. Әрине, Қазақстан деп аталатын біздің туған үйімізге амандық тілеймін".
Көрермендер тарапынан Валентина Аужанова тілек білдірді. Ол театрға барлық қазақстандық театрларға қуаныш сыйлағаны үшін алғыс айтты.
Уақыт капсуласын салған күні кез-келген адам хабарлама қалдырып қана қоймай, театр фойесіндегі экспозицияны көре алады. Ол Теміртау тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп ұйымдастырылды.