Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында «Медвежонок Умняшка» атты балалар қойылымының премьерасы өтті. Кемпірқосақ залында Ростов қуыршақтар студиясының актерлері балаларға бір өте көңілді және сүйкімді Тедди аюдың оқиғасын сахналап берді.
Музыкалық ертегі Юрий Яковлев жазған «Умка» туындысының негізінде жасалды. Спектакльдің режиссері – Елена Кочугова, суретшісі - Анар Қажығалиева, балетмейстері - Татьяна Чакмина.
Ананың балаға деген шексіз махаббаты туралы ертегі бір жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған. Интерактивті әңгіме кішкентай көрермендердің сюжетке қатысуының әртүрлі формаларын қамтиды. Спектакль балаларға да, олардың ата-аналарына да ұнайтыны сөзсіз.
Ертегі 30-35 минутқа созылады.
Премьералық көрсетілімдер пандемия жағдайында театрлардың жұмысына қойылатын барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.