
Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ақмарал Дайрабай мен Қаныш Берлібеков Astana Debat Union ұйымдастырған ұлттық мектеп дебат турнирінде жеңіске жетті. Және QazBilim орталығының сертификаттарын алды.
Пікірсайыста экономикалық және әлеуметтік тақырыптар, білім беру мәселелері көтерілді.
- Қарсыластармен пікір алмасу жаңа ақпарат беріп қана қоймай, көкжиегімізді кеңейтеді, сонымен қатар жаңа достар табуға көмектеседі. Пікірсайыс - бұл өз идеясын дәйекті түрде жеткізудің тәсілі, - деп есептейді 11-сынып оқушысы Ақмарал Дайрабай.
- Дебат турнирі қызықты, тартымды және танымды болды. Барлық көтерілген мәселелер өзекті және уақтылы. Қарсыластармен ойнап қана қоймай, тәжірибе алмасуға да жақсы мүмкіндік болды, - деп бөлісті тоғызыншы сынып оқушысы Қаныш Берлібеков.
WSDC форматындағы Турнир - қазақстандық оқушыларды Макаодағы халықаралық чемпионатқа дайындау болып табылады.