Шахтинск тұрғыны 50 жылдан астам уақыт қант диабетімен өмір сүріп келеді

Шахтинск тұрғыны 50 жылдан астам уақыт қант диабетімен өмір сүріп келеді

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні жыл сайын 14 қарашада атап өтіледі. Қазақстанда 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Виктор Пестряковқа "Қант диабетімен 50 жыл батыл өмір сүріп келе жатқаны үшін" атты ерекше Джослин медалі табысталды. Біздің елде Виктор - бұл аурумен ұзақ жылдар бойы күрескені үшін медаль алған жалғыз адам.

Шахтинск қаласында да 70 жыл өмірінің 50-ін диабетпен сүріп келе жатқан Николай Госуляк тұрады. Жұбайы Людмила Ивановна оған күн сайын аурумен күресуге көмектесіп келеді.

Ер адам 1970 жылдан бастап Қалалық емханада эндокринологтың есебінде тұр. Медициналық мекеме пациентті қажетті препараттармен қамтамасыз етеді, үнемі тексерулер мен диагностика жүргізеді.

Қазір емханада ер адамның ауруы "өтілін" құжатпен растау үшін мұрағат деректерін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мүмкін Николай Ильич біздің еліміздегі Джослин сыйлығының келесі иегері болар.

Мәлімет үшін, әйгілі дәрігер Элиот Джослин 1948 жылы аурумен күресудегі жетістіктерін ескере отырып, 25 және одан да көп жыл қант диабетімен ауыратын адамдарға медаль тағайындады. Бірақ әлемде мұндай адамдардың саны тез өсе бастағандықтан, 1970 жылы қант диабетімен 50 жылдан астам уақыт ауыратындарға сыйақы беру туралы шешім қабылданды.

Медальдің бет жағында алауы бар адам және "Адам және медицина салтанаты", ал сырт жағында - "Қант диабетімен 50 жыл бойы батыл өмір сүріп келе жатқаны үшін" деген жазу бар.