
Қарағанды облысының кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушілері жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық онлайн-жарыстарда тоғыз медаль жеңіп алды. Чемпионатқа 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан командалар қатысты. Барлығы 200-ден астам ауыр атлет өзара бақ сынасты.
20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы біріншілікте алтын медальдарды Артем Антропов, Айша Омарова және Любовь Ковальчук жеңіп алды. Үшінші орынды Яна Петровская иеленді. 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында Артем Антропов пен Айша Омарова да алтын алды. Екінші орынды Любовь Ковальчук пен Кирилл Староверкин иеленді. Қола жүлдеге Яна Петровская лайық деп танылды.
Барлық жүлдегерлер 21 қарашада басталатын ересек ауыр атлеттер арасындағы республикалық онлайн-біріншілікке қатысатын болады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша