
Джаз оркестрі 19 қарашада XXVIII концерт маусымын ашады. Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің танымал ұжымының орындауында аңызға айналған хиттер: Энди Фарбердің Аt the Оasis, Гордон Гудвиннің Hit the bricks, Бруно Мартино Estate және т.б. шырқалады. Карл Строманның Mazatlan жарқын самбасы ең күңіренген күні де көңіл-күйді көтереді.
Биг-бендтің ауқымды репертуарында американдық композитор және аранжировщик Сэмми Нестиконың шығармалары да бар. Бұл кеште джаздың барлық жанкүйерлері үшін Orange Sherbert, Magic flea және Ev' ry little beat help әуендері шырқалады.
Отис Редингтің ең жарқын композицияларының бірі - Respect, Джордж Гершвиннің 'S Wonderful саунддары мен Консуэло Веласкестің Веѕаме mucho танымал әуендерін, Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау» әнін оркестр солисті Ксения Николаева орындайды.
Биг-бендтің бас дирижері және көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.
Концертті 19 қараша күні сағат 19.00-де Қарағанды концерттік бірлестігінің YouTube-арнасынан көруге болады.