
Қарағандылық Бақыт Исабекова бұрыннан өзінің жеке дүкенін ашуды армандаған. Әйелдің жоспары "Бастау" жобасының көмегімен жүзеге асты.
Бақыт әрқашан әйелдер сән нарығына қызығушылық танытты, қарағандылықтардың киімге деген қажеттіліктері мен қалауларын зертте, өзінің киім-кешек бутигін ашқысы келген. Тек ол өз ісін ашу үшін маңызды нәрсені білмеймін деп күмәнданған. Сондықтан Бақыт "Бастау" бағдарламасы бойынша оқуға бел буған.
- Жоба аясында мен салықтарды есептеуді, декларацияларды толтыруды, маркетингтік зерттеулер жүргізуді үйрендім. Осылайша кәсіпкерлік дағдыларын меңгердім. Оқу барысында мен бизнес ашудан қорқатынмын. Менің жобамды бір жыл бойы бизнес-тренер Әсел Атабаева сүйемелдейтіні маған сенімділік берді. Сондай-ақ, мен 505 000 теңге көлемінде гранттық қаржыландыру алдым, бұл стартқа жақсы әсер етті, - дейді Бақыт.
Пандемияға байланысты кәсіпкер жалға алынған үй-жайды бірнеше рет ауыстыруға мәжбүр болды.
- Шынымды айтсам, менде бәрі ойдағыдай болатынына сенбедім. Бірақ қазір мен Қарағанды орталығында үй-жайды жалға алдым. Бұл мен үшін сондай қуаныш! Кішкентай ісіммен айналыса алатынымды сездім, - дейді Бақыт.
Әйел мұнымен тоқтап қалмайды. Korizzza шоурум базасында киім тігу ательесін ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, ол әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін шеберлік сабақтарын өткізгісі келеді.
- Жақында палатада тағы да кеңес алдым, маған бизнесті кеңейтуге тырысу ұсынылды. Шынымды айтсам, бұл тартымды ұсыныс. Сонымен қатар, тағы бір жобаға қатысуға, грант ұтып алуға немесе жеңілдікті шарттармен несие алуға болады, - деп бөлісті әйелдер киімі бөлімінің иесі.
Айта кету керек, Бақыт - көп балалы ана және екінші топтағы мүгедек. Бірақ, үйдегі қиындықтар мен ауруларға қарамастан, әйел өз мақсатына ұмтылды.
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша