Қарағандылық өрт сөндіруші жанып жатқан үйден екі баланы құтқарды

Қарағандылық өрт сөндіруші жанып жатқан үйден екі баланы құтқарды

Қарағандылық Дамир Оразбеков өз өмірін қатерге тіге отырып, оттан екі бала мен олардың әжесін құтқарды. Қарағандының Октябрь ауданындағы жеке үйде өрт 6 қараша күні түстен кейін болды.

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №12 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі 28 жастағы Дамир Оразбеков демалыс күні әпкесіне Гвардейская көшесіне бара жатқан. Кенеттен ол көмекке шақырған әйелді байқаған. Жанып жатқан үйде екі бала қалғанын естіген жас жігіт оларды бірден іздей бастаған. Осы уақытта әйел немерелерін құтқару үшін үйге жүгірген, бірақ барлық төрт бөлме қалың түтінге оранғандықтпн, ол үйден өздігінен шыға алмай қалған.

Дамир кәсіби іс-әрекеттің арқасында 12 және 14 жастағы екі баланы, содан кейін олардың әжесін тауып алды. Қалың түтін арасынан ол жанып жатқан үйдің тқрғындарын қауіпсіз жерге алып шыққан. Содан кейін ол отты қолына түскен құралдармен сөндіре бастады.

Осы оқиғадан кейін өрт сөндіру қызметіне өрт шыққан үйде тұратын әйелден хат келіп түсті.

"Өртке қарсы қызмет қызметкері Дамир Оразбековке және әр минут сайын көмекке келуге дайын қызметкерлерді тәрбиелеген оның басшылығына алғысымды білдіргім келеді", - деп жазды Тамара Андреевна.

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшылығы Дамир Оразбековты үш адамның өмірін құтқарған батыл әрекеті үшін марапаттамақ.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша