Қарағанды облысында оқушылар арасында дебат турнирі өтеді

Қарағанды облысында оқушылар арасында дебат турнирі өтеді

«Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары оқушыларының арасында дебат турнирі өтеді. Жарысқа 23 команда қатысады

Турнир 12 қарашада сағат 10.00-де Карл Поппер форматы бойынша ZOOM платформасында онлайн-режимде өтеді.

Ұйымдастырушы - Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы.

Жобаның негізгі мақсаты - Абай Құнанбаевтың, Әл-Фарабидің және басқа да көрнекті ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің ұлы мұрасын тұрақты дебаттық турнирлер мен пікірталас алаңдары циклін өткізу арқылы сақтау.

Турнир туралы қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 42-55-33, 8-775-263-50-90.