
Қарағанды облысына ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов келді. Жұмыс сапары барысында ол Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерін тексерді.
Әскери техника мен жабдықтарды қысқы кезеңге дайындауға, жөндеу шеберханаларының жағдайына, материалдық құралдарды сақтау жағдайларына ерекше назар аударылды. Бас штаб бастығы «Спасск» оқу полигонында іс-шаралардың орындалуы туралы баяндамаларды тыңдап, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты. Оны жас солдаттарды қабылдау қалай ұйымдастырылатыны қызықтырды.