Балқашта «Өркен» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдануда

Балқашта «Өркен» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдануда

Балқаш қаласы әкімінің «Өркен» арнайы сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды. Балқаш қаласының 10 жас тұрғыны 100 мың теңгеден ала алады.

Конкурсқа 14-тен 29 жасқа дейінгі жас аралығындағы балқаштықтар қатыса алады. Сыйлық жастар ортасындағы белсенді қызметі үшін беріледі.

Номинациялар:

  1. Жылдың жас көшбасшысы.
  2. Жылдың жас жұмысшысы.
  3. Жыл студенті.
  4. Жыл оқушысы.
  5. Жас дарыны.
  6. Жыл патриоты.
  7. Жас маманы.
  8. Жыл спортшысы.
  9. Жас мемлекеттік қызметші.
  10. Жас кәсіпкер.

Байқауға қатысу үшін құжаттар пакетін дайындап, оны 24 қарашаға дейін жастар-ресурстық орталығына (Хамзин атындағы МҮ) тапсыру қажет. Осыдан кейін арнайы комиссия барлық кандидатураларды қарап, әр номинация бойынша бір жеңімпазды таңдайды. Нәтижелер желтоқсанның ортасында белгілі болады.

- Номинациялар мен қажетті құжаттар туралы толығырақ біздің Instagram-парақшамызда @balqash_jastary, - деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының маманы Аделия Абельдинова.

Барлық қосымша ақпарат: (8-71036) 4-47-11.