
Филармонияның қонақтары - Рarovoz-SV блюз-рок тобы көрермендер үшін нағыз музыка мерекесін әзірледідайындады. Биыл музыканттар мерейтойын атап өтуде. Топ құрылғанына 10 жыл толды.
Музыканттардың орындауында Евгений Маргулистің, Creedence және «Воскресенье» топтарының репертуарынан рок-композициялар орындалады. Рок музыкадан бөлек Мади Уотерстің блюз хиттерімен және танымал эстрадалық туындылардың кавер-нұсқалары ұсынылады.
Танымал ұжымның репертуарында өзіндік, авторлық туындылар бар. Бұл бағдарламада топтың гитаристі Руслан Сотниковтың жеке әндері орындалады.
Концертті Қарағанды концерттік бірлестігінің YouTube-арнасынан 12 қараша күні сағат 19.00-де көруге болады.