Қарағандыда жылыту маусымы 24 сәуірде аяқталады

Қарағандыда жылыту маусымы 24 сәуірде аяқталады

Қарағандыда жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су беру 24 сәуірден 25 сәуірге қараған түні тоқтатылады.

Ауа райы тұрақтанып, сырттағы температура +10 градустан жоғары деңгейде сақталып отыр. Осыған байланысты қолданыстағы нормативтерді ескере отырып, жылуды өшіру туралы шешім қабылданды.

Тұтынушыларға ескерту: тұрғындар үйді жылудан бұдан ертерек ажырату үшін «Теплотранзит» мекемесіне жазбаша өтініш бере алады.