Қарағандыда 18 сәуірде ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағандыда 18 сәуірде ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағанды тұрғындарын 18 сәуір күні өтетін ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелеріне шақырады. Қала әкімдігінің мәліметінше, облыс тауар өндірушілерінің өнімдерін орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға болады.

Жәрмеңкелер қаланың екі секторында ұйымдастырылады:

Майқұдық – «Ұмай» сауда үйі (Карл Маркс көшесі, 9);

Пришахтинск – «Жастар» мәдениет үйі (Металлистер көшесі, 24/2).

Сауда 09:00-де басталады.