Қарағанды "Руми-эн" компаниясы - отандық нарықта шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру көшбасшыларының бірі

Қарағанды "Руми-эн" компаниясы - отандық нарықта шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру көшбасшыларының бірі

"Руми-эн" ЖШС 2007 жылы Қарағанды шұлық фабрикасының базасында құрылған. Бүгінгі таңда компанияда өндірістің толық циклі бар: орау, бояу-өңдеу, қалыптастыру, тоқу және тігін цехтары. Сонымен қатар мұнда шикізат және шығарылатын өнімді тексеруге арналған зертхана да бар.

- Жоғары технологиялық ресейлік, итальяндық, чех және жапондық жабдықтарды қолдана отырып, біз жоғары сапалы және экологиялық таза өнім шығарамыз, - дейді кәсіпорынның негізін қалаушы Иван Бредихин.

Барлық өнімдер отандық және шетелдік өндірістің жоғары сапалы шикізатынан жасалған. Мақта және жартылай жүннен иірілген жіптер, полиамидті жіптер әртүрлі комбинациялар мен пропорцияларда қолданылады.

Кәсіпорында 45 адам еңбек етеді, олар біліктілігін арттырып, шұлық және колготки өндірісінің заманауи әдістерін үйренеді. "Руми-эн" ЖШС балалар мен ересектерге арналған шұлық-ұйық өнімдерінің барлық ассортиментін өндіреді. Жыл сайын бұл әр түрлі түстер мен өлшемдегі, әр түрлі тоқылған және өрнектері бар 32 түрлі бұйым. Өнім тек Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие. Оның бір бөлігі Ресейге жеткізіледі.

2016 жылы "Руми-эн" ЖШС қазақстандық "Алтын сапа" көрме-байқауының "Халық үшін үздік тауар" номинациясы бойынша жүлдегері атанды. Сыйлықты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағайындады.

Қызметін кеңейту үшін компания басшылығы "Даму" Қорына жүгінді. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында "Руми-эн" ЖШС үшін "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ ЕҰ арқылы несиені субсидиялау және кепілдендіру жолымен сыйақы мөлшерлемесі төмендетілді.

- Кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуді және жабдықты жаңартуды жоспарлап отыр. Пандемия жұмысқа көптеген түзетулер енгізді. Өнімді жеткізуде қиындықтар басталды, сауда орталықтары жабылғандықтан, сатылым төмендеді, ал адамдардың қаржылық мүмкіндіктері төмен болды. Бәріміз қиындықтарды бірге жеңеміз деп үміттенеміз. Біз ассортиментті кеңейтіп, клиенттерімізді одан әрі қуантамыз", - дейді Иван Бредихин.