Қарағанды облысы тұрғындарының сұрақтарына жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы жауап берді

Қарағанды облысы тұрғындарының сұрақтарына жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы жауап берді

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы тұрғындардың бірнеше рет келіп түскен өтініштеріне түсініктеме берді.

- Жер телімінің түгелдей немесе оның бір бөлігін заңсыз иемденген жағдайда не істеу керек?

- Әдетте, мұндай шағымдар «жер учаскесін өз бетінше иелену», «жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу» сияқты ұғымдарды дұрыс түсінбеуіне байланысты аралас жер учаскелері бар жеке сектор тұрғындарынан келіп түседі.

ҚР Жер кодексінің 14-1 бабының 4 тармағында белгіленген біздің құзыретімізге сәйкес басқармаға келесі өкілеттіктер жүктелген:

- жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беру;

- жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 136-бабына сәйкес жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Жоғарыда аталған баптарды, әдетте, өтініш берушілер мен олардың өкілдері дұрыс түсіндірмейді. Басқарма заңнаманың бұл нормалары жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу фактілеріне қатысты қолданылатынын, ал даудың нысанасы бір жер пайдаланушының (меншік иесінің) екіншісіне жеке меншік (жер пайдалану) құқығын бұзу болып табылатындығын түсіндіреді. Демек, мұндай дау тек азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

- Егер берілген сәтте ол сот органдарында қарауда болса, Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына өтініш (шағым) беруге бола ма?

- Басқармаға берілген сәтте соттың іс жүргізуінде жатқан даулы мәселелер бойынша шағымдар мен өтініштер жиі түседі.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-II Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 1-бабының 1-тармағына сәйкес сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жататын өтініштерді, арыздар мен шағымдарды ешқандай басқа органдардың, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Конституциялық заңның 1-бабының 3-тармағына сәйкес сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді.

Даулы мәселені қарау кімнің құзыретінде екенін түсінбестен, азаматтар айтарлықтай уақытты жоғалтуы мүмкін. Сондықтан басқарма қандай да бір даулы мәселе бойынша сот органдарына талап арыз берер алдында алдымен құзыретті мемлекеттік органдарға жүгінуді ұсынады. Ол үшін телефон арқылы хабарласу немесе жеке қабылдауға жазылу қажет.