
Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында "Үзілмес үміт" тобының еріктілері қайырымдылық бақшасынан 30 қаптан астам картоп жинап, оны жалғыз басты қарт адамдар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар арасында бөлді.
"Еңбегіне қарай өнбегі" бақшасын көктемде еріктілер отырғызып, жаз бойы оларға күтім жасаған. Ал күзде өз еңбегінің жемісін мұқтаж адамдарға таратты.
- Қайырымдылық бақшасын отырғызу идеясын еріктілер бірауыздан мақұлдады. Биылғы жылы картопты біздің пікірлесіміз Ахметхан Бекболаттың теліміне тестілік режимде отырғыздық. Барлық жиналған өнім мұқтаж адамдарға таратылды, - деді Бұқар Жырау ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәдина Сұлтанғали.
Келесі көктемде еріктілер бақшаға басқа да көкөністер отырғызуды жоспарлап отыр.