Қарағанды облысында «Қайнар» жастар сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысында «Қайнар» жастар сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды

Жастар саясаты мәселелері басқармасы Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын жариялады. Өтінімдер 24 қарашаға дейін қабылданады.

«Қайнар» сыйлығы жастар арасында ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін Қарағанды облысының 14-29 жас аралығындағы тұрғындарына беріледі.

«Қайнар» жастар Сыйлығының номинациялары:

1. «Жас көшбасшы».

2. «Жас маман».

3. «Жас жұмыскер».

4. «Отан қорғаушы».

5. «Жас ғалым».

6. «Жас педагог».

7. «Жас медицина қызметкері».

8. «Жас волонтер».

9. «Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін».

10. «Үздік жастар ресурстық орталығы».

Байқауға қатысуға өтінімдер 2020 жылғы 24 қараша (жексенбі) сағат 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4, 136 кабинет.

Толығырақ ақпаратты +7-776-100-96-96 нөмірі бойынша алуға болады.