
Қарағанды облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша қараша айында Төменгі Қайрақты, Жұмыскер, Саяқ, Сарыөзек ауылдарының тұрғындарын кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілді. Айдың соңына дейін тағы үш елді мекеннің: Ақтай, Тоғызқұдық, Қызылжар абоненттерін қосу жоспарлануда.
«Цифрлық Қазақстан - 2020» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы іске асырылуда. Мемлекеттік әріптес «Транстелеком» АҚ болып табылады.
- Біз ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті жоя отырып, талшықты-оптикалық телекоммуникациялар салудамыз. Ауыл тұрғындарына, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерге, жеке ұйымдарға Интернетке кең жолақты қолжетімділіктің техникалық мүмкіндігін ұсынамыз. Халықтың басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге және онлайн-оқуға ауысуына байланысты ауылда жоғары жылдамдықты интернетке деген қажеттіліктің күрт өсуі байқалады, - деп атап өтті компанияда.
Жобаны іске асыру аясында «Қарағандытранстелеком» филиалы талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы 19 елді мекенді қосты. Бүгінгі таңда филиалдың ТОБЖ магистралінің ұзындығы 2 мың шақырымнан асады.
Нәтижесінде ауыл тұрғындарына мемлекеттік онлайн-қызметтер қолжетімді болады. Олар қашықтықтан оқыту арқылы біліктілігін арттыра алады, онлайн-құралдар арқылы өз бизнестерін алға жылжытады және интернет беретін кез-келген басқа мүмкіндіктерді қолдана алады.
Абоненттерге ыңғайлы болу және тұрақты қолдау үшін байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Қызметтер туралы ақпаратты 191 нөмірі бойынша, сондай-ақ қолдау қызметінің support@ttc.kz поштасына өтінім жіберу арқылы алуға болады.