
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күніне орай көрме ұйымдастырылып, дөңгелек үстел өтеді. Қонақтарды 10 сәуір күні сағат 14:00-де күтеді.
Іс-шара тек ғарышты игеруге байланысты мерекеге ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, «Халық Қаһарманы» атағына ие Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналады.
Ұйымдастырушылар дөңгелек үстел жұмысына қатысуға барлық ниет білдірушілерді шақырады.
Талқылауға тарихшылар, өлкетанушылар, кітапханашылар, қоғам өкілдері, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысады.
Көрме 15 сәуірге дейін келушілер үшін ашық болады.