«Сарырқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы отандық тауар өндірушілерге көмек көрсетеді

«Сарырқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы отандық тауар өндірушілерге көмек көрсетеді

«Сарыарқа» ӘКК» АҚ форвард мәмілелер жасасу кезінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы алдында отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің міндеттемелерін орындаудың кепілі болуға дайын екендігі туралы хабарлайды. «Сарыарқа» ӘКК» АҚ Кепілдік беру ережесіне сәйкес міндеттемелерді орындау кепілдігі - бұл Бенефициар пайдасына заттарды табыстау, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша қағида негізінде міндеттемелерді, сондай-ақ ақшалай нысанда орындауды көздемейтін өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауды қамтамасыз ететін кепілдік.

Өз кезегінде, ӘКК алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кәсіпкер: жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, материалдық және материалдық емес активтерді, заңды тұлғалардың капиталына қатысу үлесін, сондай-ақ міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде беру үшін тыйым салынбаған өзге де мүлікті бере алады.

ӘКК уәкілетті органы міндеттемелерді қамтамасыз етпей кепілдік беруге арналған өтінімді қарастырмайды. ӘКК кепілдігін пайдаланғаны үшін пайыздық мөлшерлеме (комиссиялық сыйақы) берілген кепілдік сомасынан 2% -ға тең.

Толығырақ ақпаратты мына мекенжай және телефон арқылы алуға болады: «Сарыарқа» ӘКК» АҚ, Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 12 үй, телефон: 980-345.

«Сарыарқа» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі